Қаң 01, 2024 18:55 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея Сеул мен Вашингтонды жоямын деп сес көрсетті

Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын дүйсенбі күні Жаңа жылға орай сөйлеген сөзінде Оңтүстік Корея мен АҚШ-қа сес көрсетті.

Ким Чен Ын Сеул мен Вашингтонның әріптестігіне реакция ретінде өзінің әскери қолбасшыларына: "Егер дұшпан Солтүстік Кореяға қарсы арандатушы әскери әрекеттер жасайтын болса, ел армиясы бір сәт кідірместен оларды толық жою үшін ең ауыр құралдар мен платформаларды пайдаланып, жойқын соққы беруі тиіс",-деді.

Солтүстік Корея басшысының қоқан-лоқысы оның оңтүстік көршісінің қоқан-лоқысымен бір мезгілде айтылды. Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі жексенбі күні "Ким Чен Ын жойылады",-деп ескертті.

Басқа жағынан Солтүстік Кореяның басшысы 2024 жылдың саяси бағдарламасын айқындауға арналған отырыстарда АҚШ-ты "түрлі қалыпта әскери қоқан-лоқы жасайды" деп айыптады.

Тегтер