Centcom: Йеменнен Қызыл теңізге екі баллистикалық зымырана атылды
(last modified Wed, 03 Jan 2024 13:34:27 GMT )
Қаң 03, 2024 19:34 Asia/Almaty
  • Centcom: Йеменнен Қызыл теңізге екі баллистикалық зымырана атылды

АҚШ-тың Орталық қолбасшылық орталығы сейсенбі күні кешке йемендіктердің Қызыл теңіздің оңтүстігіне қарай кемеге қарсы екі баллистикалық зымыранды атқылағанын хабарлады.

 

Centcom: "Бұл аймақтағы бірнеше коммерциялық кемелер зымырандардың айналасындағы суларға тигенін хабарлады",- деп мәлімдеді.

Британдық Теңіз сауда операциялары департаменті Centcom мәлімдемесінен бұрын үш жарылыстың біреуі Эритреядағы Асаб қаласынан шығысқа қарай 33 теңіз мильіндегі Баб әл-Мандаб бұғазындағы коммерциялық кемеден бес теңіз мильінде боллғанын хабарлады және ешқандай шығын болмағаны айтты.

Соңғы апталарда Израильдің Газадағы шабуылдарының күшеюімен қатар, Йемен армиясы басып алынған жерлерге бағытталған және Қызыл теңіздегі Баб әл-Мандаб бұғазынан өтуді көздеген израильдік кемелер немесе басып алынған жерлерге бет алған кемелер үшін өрісті тарылтты.

Йемен армиясының Қызыл теңіздегі шабуылдары қарашаның 19-ы күні басталды және «Ансаролла» қозғалысы Израильдің Газадағы шабуылдары тоқтағанға дейін жалғасатынын жариялады.