Түрікменстан Президенті Керманда зияратшыларға жасалған шабуылды айыптады
Қаң 05, 2024 14:56 Asia/Almaty
Түрікменстан Президенті Иран Президентімен телефон арқылы сұхбаттасып, Керманның шәһидтер зиратына барар жолда зияратшыларға жасалған шабуыл мен лаңкестік қылмысты айыптады.
Раиси: "Бұл лаңкестік қылмысты жоспарлағандар мен оны орындағандарға кесімді жауап беріледі",-деді.
Сердар Бердімұхамедов Иранды Түрікменстанның ең маңызды серіктестерінің бірі деп атап: "Екі ел берік қарым-қатынаспен қоса, өзара ынтымақтастықты дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер мен әлеуеттерге ие",-деді.
Тегтер