Лаңкестер жуырда Кермандағы лаңкестік әрекеттің жауабын көреді
(last modified Fri, 05 Jan 2024 09:47:55 GMT )
Қаң 05, 2024 15:47 Asia/Almaty
  • Лаңкестер жуырда Кермандағы лаңкестік әрекеттің жауабын көреді

Катар, БАӘ, Оман, Сирия, Түркия мен Тунис парламенттерінің төрағалары Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасымен жеке-жеке хабарласып, сәрсенбі күні Керманда болған лаңкестік оқиғаны айыптап, халықаралық қауымдастықты терроризм мен антигуманистік әрекеттердің алдын алуға атсалысуға шақырды.

Қалибаф осы елдердің парламенттерінің төрғаларына тілеулестік үшін алғыс айтып, жаһандық деңгейде бірлесе отырып лаңкестікпен түбегейлі түрде күресу керегін айтты.