Вашингтонның жамағат имамы мұсылмандардың сионистік режимге қарсы бірігуін қуаттады
(last modified Sun, 15 May 2016 15:52:12 GMT )
Maм 15, 2016 21:52 Asia/Almaty
  • Вашингтонның жамағат имамы мұсылмандардың сионистік режимге қарсы бірігуін қуаттады

Вашингтонның жамағат имамы әлемдегі барлық мұсылмандардың сионистік режимге қарсы бірігуі керектігін қуаттады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Вашингтон қаласының жамағат имамы Мұхаммад Аси жексенбі күні Теһранда «әл-Ақсамен үндестік» атты халықаралық үшінші форумда сөйлеген сөзінде: «Сионистік режим қылмыскер режим болып табылады. Осы режим мұсылмандар арасында бірліктің болмауы салдарынан тіршілігін жалғастыруда» деді.

Вашингтонның жамағат имамы кейбір елдер үшін, атап айтқанда Сауд Арабиясы үшін Сирия мен Йемен және Ирак халқының құқығының еш маңызы жоқ екендігін қуаттап: «Егер осы елдер сыбайластықпен мәміле жасаушы елдер болмағанда осы бірнеше он жылдықта аймақтағы қазіргі дағдарыстар қалыптаспаған болар еді. Бүгінде әлемдік астамшылдар мен сионистердің ең маңызды ұтыс қартасы секташылдық мәселесі болып табылады. Олар Сауд Арабиясы сияқты елдерді пайдалану арқылы шиіт пен сүннит арасында соғыс ашуды қалайды. Егер мұсылмандар қырағы болса, ешқашан осы жоспарлардың арбауына түспейді.

Иран соңғы 37 жылда барлық күш- қуатымен Палестинаға қолдау көрсетті. Сондықтан Иран ислам республикасы саясатының қадірі бағалануы керек» деді.