Қаң 07, 2024 19:17 Asia/Almaty

Украина армиясы бейбіт инфрақұрылымдарға шабуылдарын жалғастырып, Иса пайғамбардың туған күні кешінде Донецктегі бір ауруханаға шабуыл жасады.

Жергілікті басшылардың хабарлауынша, Украина армиясы сенбі күні Ресейдің Донецк халық республикасындағы бірнеше бейбіт нысанаға шабуыл жасады. Шабуылдардың бірінде осы аймақтағы ауруханаға зиян келді.

Russia Today арнасының хабарлауынша, Украина армиясының Донецк халық республикасының Ленинский ауданындағы №6 орталық стационарлық ауруханасына минометпен шабуылында кемінде 3 адам жараланды. Олар осы ауруханада емделіп жатқан науқастар.  

Украина армиясының  шабуылынан Донецктің басқа жерлеріндегі бірнеше үйге зиян келді.  Куәлердің айтуынша, ешкімнің ауыр зардап шекпегені "Исаның мұғжизасы" болды.

Тегтер