Қаң 10, 2024 17:52 Asia/Almaty
  • Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі Американың сионистік режимнің Газадағы қылмыстарын қолдауын сынады

Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі сейсенбі күні АҚШ-тың сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына күмәнсіз қолдау көрсетуін сынады.



 

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани кеше, сейсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың Израиль қылмыстарына күмәнсіз қолдау көрсетуін сынап: "Халықаралық қауымдастықтың Қауіпсіздік Кеңесіне бірнеше рет өз міндеттемелерін орындау және Газадағы қантөгісті тоқтату туралы өтініштеріне қарамастан, бұл ұйым тек АҚШ-тың атысты тоқтатуға қарсылығы себепті тағы да өз міндеттерін орындай алмады",- деді.

Иравани, Американың вето құқығын асыра пайдалануы мен Газа секторындағы атысты тоқтатуға қарсылығына сілтеме жасай отырып: "АҚШ-тың БҰҰ Жарғысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мандатын орындауға кедергі жасауы қантөгісті тоқтату туралы жаһандық үндеулерге түбегейлі қайшы келеді, адам өмірін сақтау үшін адамның туа біткен табиғатына қарсы келеді және халықаралық құқықтың, соның ішінде гуманитарлық құқық пен адам құқықтарының негізгі принциптерін бұзады",- деп мәлімдеді.

Иравани, Саргид Каг ханымның Газадағы гуманитарлық және қайта құру жөніндегі аға үйлестірушісі болып тағайындалуына назар аударта отырып: "Жаңадан құрылған бақылау механизмі өз міндеттерін тиімді және Израиль режимінің кедергісіз немесе араласуынсыз орындайды деп үміттенеміз",- деп айтты.

 
 
 
 

 

Тегтер