Иран Сыртқы істер министрлігі: ОАР-дың Халықаралық әділет сотында сионистік режимге қарсы әрекетін қолдайды
(last modified Thu, 11 Jan 2024 08:49:09 GMT )
Қаң 11, 2024 14:49 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі: ОАР-дың Халықаралық әділет сотында сионистік режимге қарсы әрекетін қолдайды

Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: "Иран ОАР-дың әрекетін Палестина халқын қорғауда халықаралық құқықтарға негізделген жауапты, әділетті әрі батыл қадам деп санайды",-делінген.

29 желтоқсанда Халықаралық әділет соты ОАР-дан сионистік режимге қарсы арызды тіркегенін мәлімдеді. Онда сионистік режим Адам құқығы конвенциясындағы міндеттемелерін өрескел бұзды деп айыпталып, Газа секторындағы палестиналықтарға қарсы жасаған геноцид пен қылмыстары үшін жазалануы талап етілген. Бұл арыз 11-12 қаңтарда сотта қаралады.

 

 

Тегтер