АҚШ Конгресінің киберлік шабуылдар желеуімен Иранға қарсы жобасына Бружердидің реакциясы
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы "Америкалықтар ғаламтор кеңістігінде де шынайы кеңістіктегідей Иранға қарсы шара қолданады" деді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының төрағасы Алауеддин Бружерди мәжілістің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ Конгресінің киберлік шабуылдар сылтауымен Иранға санкция салу үшін жоба құрастыру шарасына көрсеткен реакциясында: «Америка басшылары тарапынан Иранға қарсы айтылатын уәждер негізсіз. Олар осындай мәселелерді көтеру арқылы Иран ислам республикасына қарсы қысымды арттыруды қалайды» деді.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің депутаты Теһранның киберлік кеңістікте өзінің ұлттық мүддесін қорғайтынын қуаттап: «Америкалықтар ғаламтор кеңістігінде де шынаый кеңістіктегідей Иранға қарсы шара қолданады. Иранның да осы шайқаста өз құралдарын пайдалануы табиғи мәселе болып табылады.
Америкалықтардың киберлік шабуылдар сылтауымен Иранға қарсы жаңа санкциялар салуға талпыныс жасауы АҚШ- тың Иранға қатысты өшпенділік рухы мен бағыт- бағдарын көрсетеді. Осы мәселе олар тарапынан талай рет дәлелденген» деді.