ОАР-да Израильдің геноцид жасағаны туралы іспен айналысып жатқан заңгерлер тобы ауқымды қолдауға ие болды
(last modified Mon, 15 Jan 2024 10:33:12 GMT )
Қаң 15, 2024 16:33 Asia/Almaty

Израильдің Газада геноцид жасағаны туралы іспен айналысып жатқан ОАР-дың заңгерлер тобын Гаагадан елге қайтқанда әуежайда халық күтіп алды.

Жарияланған видеолар бойынша, жақтаушылардың қалың тобы халықаралық  әуежайда ОАР заңгерлер тобын қарсы алу үшін жиналған. Жиналғандардың көбі қолдарына ОАР мен Палестинаның туларын ұстап, Израильге қарсы істі қолдайтындарын көрсетіп, "Палестина азат етілсін" деп ұрандатып, Газа халқына жақтасты.  

Қарсы алушылардың қолында плакаттарда "Батырлардың бәрі шинель кимейді" деп жазылған.

 

Тегтер