Мексика мен Чили де Израильді сотқа берді
(last modified Fri, 19 Jan 2024 12:28:21 GMT )
Қаң 19, 2024 18:28 Asia/Almaty
  • Мексика мен Чили де Израильді сотқа берді

Мексика мен Чили Халықаралық қылмыстық сотта Израильдің үстінен Палестина жерінде "соғыс қылмыстарын" жасады деген айыппен іс қозғайды.

Израиль Газа секторына шабуыл жасағалы бері көптеген халықаралық  ұйымдар мен белсенділер бұл режимді жауапқа тартуды талап етті.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мексика СІМ өз мәлімдемесінде Халықаралық қылмыстық сотты Израильді ықтималды қылмыстық жауапкершілікке тартуға қолайлы орган деп атады.

Мексика СІМ БҰҰ-ға қарасты органдардың Газадағы шынайы жағдайды баяндаған көптеген есептеріне сүйеніп, Израильдің әрекетін "соғыс қылмысы" деп атады.

ОАР өткен бірнеше аптада Гаагада орналасқан Халықаралық қылмыстық сотта Израильдің үстінен Газа соғысында геноцид жасады деген айыппен іс қозғауға арыз жазды.

Бұл соттың жиналысы өткен аптада өтті. Жиналыс барысында ОАР адвокаты Израильді Газада геноцид жасауға талпынды деп айыптады.