Амир Абдуллахиан: Иран мен Алжир қарым-қатынасы ең жақсы жағдайда жалғасып жатыр
(last modified Mon, 22 Jan 2024 13:16:38 GMT )
Қаң 22, 2024 19:16 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран мен Алжир қарым-қатынасы ең жақсы жағдайда жалғасып жатыр

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан жексенбі күні Алжир Парламентінің төрағасы Мұса Харфимен кездесуінде екі ел қатынасының ең жақсы жағдайда жалғасып жатқанын айтып, осы елдің жоғары лауазымды парламенттік делегациясының Теһранға келгеніне ризалық білдірді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы кездесуде Иран мен Алжир қарым-қатынасын даму үстінде деп атап: "Иран өзінің сыртқы саясатында Африка елдері, әсіресе Алжирмен қарым-қатынасты кеңейтуге жоғары маңыз береді. Алжирде Газ экспорттайтын елдер ұйымы OPEC-ке мүше елдер басшыларының саммитын өткізуді маңызды оқиға деп санаймыз, оған белсенді қатысамыз",-деді.

Амир Абдуллахиан сондай-ақ Алжир халқының Францияның отаршылығына қарсы күресу және тәуелсіздік алу жолында жарқын тарихқа ие екенін айтып, Алжир үкіметі мен Парламентінің Палестина мен Газа қалқына шынайы қолдау көрсетіп отырғанына алғыс айтып, мұны басқа ислам елдеріне үлгі деп атады.

Мұса Харфи осы кездесуде Палестина мәселесінің Алжир үшін стратегиялық маңызға ие екенін айтып, Алжир халқы революцияшыл халық ретінде Францияның отаршылығынан босап шығып, тәуелсіздік алу үшін 1,5 млн-нан аса құрбан бергенін айтып: "Палестина жеңіске жетеді деп сенеміз. Шәһидтердің қаны – азаттықтың құны",-деді.