Амир Абдуллахиан Теһран-Париж консультацияларының жалғасуын қолдады
(last modified Wed, 24 Jan 2024 10:43:46 GMT )
Қаң 24, 2024 16:43 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Теһран-Париж консультацияларының жалғасуын қолдады

Иран Сыртқы істер министрі өзінің франциялық әріптесімен кездесуінде екі елді қызықтыратын тақырыптарда Теһран-Париж консультацияларын жалғастырып, екіжақты қатынасты нығайтуды қолдады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан мен Стефан Сежурне Нью-Йоркте кездесіп, екіжақты қатынастың соңғы жағдайы және басқа да маңызды тақырыптарды талқылап, пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің Газа халқына қарсы қылмыстарын айыптап, әлемдік қауымдастықтың сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатып, шұғыл түрде атысты доғарып, палестиналықтарды мәжбүрлі түрде көшіруге кесімді қарсылық білдіруі керегін айтты.  

Франция Сыртқы істер министрі ИИР-дың аймақта бейбітшілікті сақтаудағы конструктивті рөліне тоқталып, аймақта текетірестердің көбеюінің алдын алудың маңызын атап өтті.

Иран мен Франция Сыртқы істер министрлері екіжақты қарым-қатынасты сақтап, дамытудың маңызды екенін айтты.