Иран мен Түркия басшылары Оңтүстік Африканың сионистік режимге қарсы заңды әрекетін құптады
(last modified Thu, 25 Jan 2024 10:42:00 GMT )
Қаң 25, 2024 16:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркия басшылары Оңтүстік Африканың сионистік режимге қарсы заңды әрекетін құптады

Иран мен Түркия ортақ мәлімдемесінде сионистік режимнің Газаның мазлум халқына қарсы қылмыстарын дереу тоқтатуды талап ете отырып, Гаагадағы халықаралық сотта Оңтүстік Африканың осы режимге қарсы заңды әрекетін құптады.

 

Иран Ислам Республикасы мен Түркия Ибрахим Раисидің осы елге сапарының соңында ортақ мәлімдемеде екі елдің екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастарды кеңейтудегі табандылығын қуаттады.

Екі ел маңызды аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты көзқарастарын, әсіресе сионистік режимнің Газаның езілген халқына қарсы қылмыстарын дереу тоқтату үшін ынтымақтастық қажеттігіне тоқталып, Қызыл теңіз аймағында қалыпты жағдайға оралу үшін сионистік режимнің қылмыстарының алдын алу үшін шешуші шаралар қажетиігін баса айтты.