Қаң 25, 2024 17:34 Asia/Almaty
  • Германия Украинаны  Sea King тікұшақтарымен жабдықтайды

Германияның қорғаныс министрі сәрсенбі күні Ресейге қарсы соғысу үшін Украина әскеріне алты көпмақсатты тікұшақ жіберетінін айтты.

 

«Украина дауысы» сайтының хабарлауынша, Германия Киевке әскери тікұшақтарды алғаш рет жеткізіп отыр. Бұл тікұшақтың негізгі міндеті теңізде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады, бірақ олар барлаудан бастап персонал мен техниканы тасымалдауға дейін әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылуы мүмкін. Тікұшақтармен бірге Украинаға қосалқы бөлшектер мен әскери дайындықтар жинағы беріледі. Бұл тікұшақ радар және инфрақызыл камерамен жабдықталған және ауа райының қолайсыз жағдайында ұша алады.

  

 

 

Тегтер