Ирандағы ОАР-дың жаңа елшісі Палестина халқын қолдауды жалғастыру керегін баса айтты
(last modified Sun, 28 Jan 2024 10:10:57 GMT )
Қаң 28, 2024 16:10 Asia/Almaty
  • Ирандағы ОАР-дың жаңа елшісі Палестина халқын қолдауды жалғастыру керегін баса айтты

Ирандағы ОАР-дың жаңа елшісі сионистік режимнің басқыншылықтары мен қылмыстарына қарсы тұрып, Палестина халқын қолдауды жалғастыру керегін баса айтты.

Франсис Молови IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Палестина халқына қолдау ОАР-дың азаттық үшін күрес тарихынан бастау алады. Бұл жолда ешбір қысымға тізе бүкпейміз",-деді.

Франсис Молови Палестина халқының сионистік режимге қарсы күресін ОАР-дың апартеидке қарсы, азаттық пен әділет үшін күресіне ұқсайтынын айтып: "Әлемде өз тағдырын шешуден мақрұм қалған халық болмауы тиіс. Сондықтан ОАР халықаралық  сотқа сионистік режимнің басқыншылығы мен геноцидіне қарсы арыз түсірді",-деді.

Тегтер