Йемен армиясы АҚШ теңіз күштерінің бір кемесін нысанаға алды
Қаң 29, 2024 15:10 Asia/Almaty
Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі: "Біздің армия АҚШ пен Ұлыбританияның Йемен жеріне шабуылдарына жауап ретінде АҚШ теңіз күштеріне тиесілі бір кемені нысанаға алды",-деді.
Яхия Сари: "Йемен теңіз күштері Аден шығанағында АҚШ теңіз күштеріне тиесілі бір кемеге зымыран атты",-деді.
Бұл шабуыл Палестина халқына қолдау ретінде және АҚШ пен Ұлыбританияның Йемен жеріне шабуылдарына жауап ретінде жасалды.
Йеменнің Қызыл теңіз бен Баб әл-Мандеб бұғазында израильдік кемелерге қарсы операцияларынан кейін АҚШ пен Ұлыбритания осы елге шабуыл жасаған болатын.