Райс: Америка Жапонияға атом бомбасын тастағаны үшін кешірім сұрамайды
Maм 16, 2016 22:03 Asia/Almaty
АҚШ президентінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі елінің Екінші Дүниежүзілік Соғыстың соңында Жапонияның екі қаласына атом бомбасын тастағаны үшін кешірім сұрамайтынын айтты.
АҚШ президентінің сыртқы саясат бойынша кеңесшісі Сьюзан Райс: "Президент Барак Обаманың Хиросимаға сапар шегуін кешірім сұрау деп түсіну - қателік. Жапония халқы Америкадан кешірім сұрауды өтінген жоқ" деді.
Ақ үй Обаманың Хиросимаға сапармен баратыны туралы хабар жария болған кезден бастап, осы сапардың кешірім сұрау ретінде қабылданбауына талпыныс жасап отыр.
Барак Обама бомбалау оқиғасынан кейін Хиросимаға сапар шеккен Американың тұңғыш президенті болып табылады.
Тегтер