Американың ең жаңа зымырандары Шығыс Еуропаға бет алды
АҚШ: "Кемінде 145 км қашықтыққа ие бұл зымырандарды Швецияның Boeing және Saab компаниялары жасаған және әлі АҚШ арсеналына кірген жоқ",- деп жариялады. Politico басылымы: "Зымырандар Киевке бір аптадан кейін жеткізіледі және Украина армиясының күштерін айтарлықтай күшейтеді",- деп жазды.
Америка бұған дейін Украинаға 300 шақырымдық зымырандар берген, бірақ олардың саны өте шектеулі болатын. Американың Украинаға берген зымырандарының көпшілігі 80 шақырымға жетеді. Зымырандардың қашықтығы олармен ресейлік жерді нысанаға алу мүмкіндігі үшін маңызды. Осы уақытқа дейін Украинаның Ресей территориясына жасаған шабуылдарының көпшілігі жанкешті ұшқышсыз ұшақтар арқылы жүзеге асырылған. АҚШ әскері Украинаға қанша 145 шақырымдық зымыран беретінін әлі жариялаған жоқ. Украина әскері бұл зымырандар арқылы Ресейдің шекаралас облыстарын нысанаға ала алады.