АҚШ-тың 48 қаласы Газадағы атысты тоқтатуды қолдайтын қарар қабылдады
https://itolqyn.com/news/world-i75576
Чикаго қалалық кеңесі бейсенбі күні Газада тұрақты атысты тоқтатуды қолдайтын қарар қабылдады, бұл оны Америкадағы атысты тоқтатуды қолдайтын ең үлкен қалаға айналдырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 02, 2024 18:07 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың 48 қаласы Газадағы атысты тоқтатуды қолдайтын қарар қабылдады

Чикаго қалалық кеңесі бейсенбі күні Газада тұрақты атысты тоқтатуды қолдайтын қарар қабылдады, бұл оны Америкадағы атысты тоқтатуды қолдайтын ең үлкен қалаға айналдырды.

 

Бұл қарардың заңды күші болмаса да, Америка Құрама Штаттары үкіметінің Газадағы соғыста Израильге жан-жақты қолдау көрсетуіне америкалық қоғамда кең тараған қарсылықты көрсетеді.

NBC News хабарлауынша, АҚШ-тың кем дегенде 48 қаласы Газадағы атысты тоқтатуды қолдайтын қарар қабылдады.

Сонымен бірге Америкада Газадағы атысты тоқтатуды қолдаған шерулер әлі де жалғасуда. Бейсенбі күні палестиналық жақтастардың АҚШ Конгрессі ғимаратының маңына жиналып, үкіметтің Газада атысты тоқтатуға күш салуын талап еткені хабарланды.