Финляндия: Ресеймен арадағы шекарамыз жабық
https://itolqyn.com/news/world-i75624-Финляндия_Ресеймен_арадағы_шекарамыз_жабық
АҚШ бастаған НАТО-ға жаңа қосылған елдердің бірі Финляндия Премьер-министрі сенбі күні Ресеймен шекараның жабық болатынын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 04, 2024 17:37 Asia/Almaty
  • Финляндия: Ресеймен арадағы шекарамыз жабық

АҚШ бастаған НАТО-ға жаңа қосылған елдердің бірі Финляндия Премьер-министрі сенбі күні Ресеймен шекараның жабық болатынын хабарлады.

"Правда" сайтының хабарлауынша, Финляндия Премьер-министрі Петтери Орпо: "Үшінші елдердің мыңдаған азаматы Ресеймен шекараның түрлі аудандарында Финляндияға заңсыз кіруге мұрсат күтіп отыр",-деді.

Петтери Орпо: "Мұндай жағдайда Ресеймен шекарада бақылау-өткізу пункттерін ашу мәселесі қарастырылмайды",-деді.

Финляндия 14 қаңтарда Ресеймен арадағы 1340 км шекараны Африка мен Батыс Азиядан келген заңсыз мигранттар толқынының алдын алу мақсатында жапқан болатын.

Хельсинки: "Мәскеу Финляндияда мигранттар дағдарысын тудыру арқылы осы елге біріктірілген шабуыл жасап жатыр",-деп уәж айтты. Бірақ Кремль бұл уәжді теріске шығарды.