Иран АҚШ пен Ұлыбританияның кеше Йеменге жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы АҚШ пен Ұлыбританияның кеше кешке Йеменге жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптап, осындай бейбастақ шабуылдардың жалғасуын халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін алаңдатарлық қатер деп атады.
Канани АҚШ пен Ұлыбританияның бұл шабуылдарын Йеменнің егемендігі мен аумақтық тұтастығын және халықаралық құқықтарды ашық түрде бұзу деп атап: "Осындай бейбастақ шабуылдарды жалғастыру – ашық авантюра және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін алаңдатарлық қатер",-деді.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "АҚШ пен Ұлыбритания сионистік режимнің соғыс қылмыстарын жан-жақты қолдауды жалғастырып, палестиналықтарға геноцид жасап жатқан осы режимге тыныс алар кеңістік жасау мақсатында аймақтық деңгейде әскери операциялар жүргізу арқылы бейберекеттік пен тұрақсыздық тудырып жатыр. Халықаралық қауымдастық АҚШ пен Ұлыбританияны жауапқа тартуға міндетті",-деді.