Амир Абдуллахиан Ұлыбританияның Сыртқы істер министріне: Аймақ халқының ашуын тудырмаңыздар
(last modified Mon, 05 Feb 2024 11:34:35 GMT )
Ақп 05, 2024 17:34 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Ұлыбританияның Сыртқы істер министріне: Аймақ халқының ашуын тудырмаңыздар

Иран Сыртқы істер министрі "Х" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Ұлыбританияның Сыртқы істер министрімен кездескеніне тоқталып: "Осы кездесуде соғысты жалғастырудың шешім жолы емес екенін, аймақ халықтарының ашуын тудыруға болмайтынын ашық айттым",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан осы мәтінде АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге әскери шабуылдары мен АҚШ-тың Ирак мен Сирияға басқыншылығын қатаң айыптады.   

Амир Абдуллахиан: "Иран Ирак, Сирия, Йемен мен Палестинаның (Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауы) қауіпсіздігін аймақ қауіпсіздігі деп атады",-деді.

Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрі 2023 жылы 31 желтоқсанда Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сұхбатында: "Палестина дағдарысы 2023 жылы 7 қазанда болған оқиғаларға емес, Израиль режимінің 75 жыл бойы үздіксіз басқыншылық жасап, палестиналықтардың түбегейлі құқықтарын бұзғанына, соғыс қылмыстары мен геноцид жасап отырғанына байланысты. Әрине бұл арада Ұлыбританияның рөлі айқын",-деді.  

Тегтер