Ақп 07, 2024 18:12 Asia/Almaty
  • Иран  бұл елдің қарулы күштеріне қарсы АҚШ-тың негізсіз айыптауларын жоққа шығарды

Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі: «Иран  бұл елдің қарулы күштеріне қарсы АҚШ-тың негізсіз айыптауларын үзілді-кесілді жоққа шығарады",- деді.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Саид Иравани кеше сейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінің уақытша төрағасына жолдаған хатында: «Иран Ислам Республикасы осы хатта Иран қарулы күштеріне қарсы айтылған негізсіз айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады, сонымен бірге  Америка Құрама Штаттарының 2024 жылы 2 ақпанда Ирак пен Сирия аумағында жүргізген әскери операцияларын қатаң айыптады.  Бұл заңсыз операциялар бейбіт тұрғындар мен маңызды инфрақұрылымды қасақана нысанаға алды және бейбіт тұрғындар арасында көптеген құрбандар мен  жарақаттарға әкелді. Мұндай заңсыз әрекеттер халықаралық заңдар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын, әсіресе 2 (4) бапты бұзып қана қоймайды, сонымен қатар аймақтың тыныштығы мен тұрақтылығына қауіп төндіреді және халықаралық бейбітшілік пен  қауіпсіздікке елеулі қатер болып саналады. Сонымен қатар, Ирак Республикасы мен Сирия Араб Республикасы АҚШ-тың осы екі елдің аумақтық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін айқын бұзатын әскери әрекеттерін қатаң айыптайды. Сондықтан БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес АҚШ-тың Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынатыны туралы хабарламаның құқықтық негіздемесі жоқ және мұндай әрекеттерді заңдастырмайды",- деп  мәлімдеді.

 

Тегтер