АҚШ  Қорғаныс министрлігі: Біз Иранмен теңіз қақтығысына келгіміз келмейді  
(last modified Wed, 07 Feb 2024 13:34:30 GMT )
Ақп 07, 2024 19:34 Asia/Almaty
  •  АҚШ  Қорғаныс министрлігі: Біз Иранмен теңіз қақтығысына келгіміз келмейді  

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) баспасөз хатшысының орынбасары АҚШ-тың Иран Ислам Республикасымен теңіз қақтығысы іздемейтінін мәлімдеді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сабрина Сингх бір топ тілшілер ортасында Американың Ирак пен Сириядағы қарсыласу топтарына қарсы шабуылдарын ұзақ уақыт бойы жалғастыруды көздемейтінін мәлімдеді. Сонымен бірге, Пентагонның бұл өкілі Американың Қызыл теңіздегі әскери болуын «навигация еркіндігін сақтау мақсатында» деп атады және оның елінің Иранмен теңіз қақтығысы іздемейтінін баса айтты. Ол сондай-ақ Қызыл теңізде ирандық әскери кемелердің болуы туралы: «Ирандық әскери кемелердің Қызыл теңізде болуы және олардың міндеттерін орындауы табиғи нәрсе",- деді.

Сингх Қызыл теңіздегі толқулардың негізгі себебіне тоқталмай, былай деді: "19 қарашадан 2 ақпанға дейін хуситтер (Йеменнің Ансаролласы) Йемен жағалауындағы коммерциялық кемелерге 41 рет шабуыл жасады немесе қорқытты".

 

Тегтер