Ақп 08, 2024 21:05 Asia/Almaty
  • Ирандағы Сауд Арабиясының елшісі өз елінің патшасы мен тақ мұрагерінің Ислам революциясы жеңісінің жылдығымен құттықтау хатын жеткізді

Теһрандағы Сауд Арабиясының елшісі Иран Сыртқы істер министріне өз елінің патшасы мен тақ мұрагерінің Ислам революциясы жеңісінің жылдығымен құттықтау хатын жеткізді.

Абдулла бен Сауд әл-Анзи сондай-ақ Сауд Арабиясының Иранмен қарым-қатынасы стратегиялық сипатта екенін айтып: "Эр-Рияд Теһранмен барлық салада байланысты кеңейтуді қалайды",-деді.  

Амир Абдуллахиан екі елдің қарым-қатынасының даму үдерісіне ризашылық білдіріп: "Бұл қатынас барлық салада және деңгейде бірдей дамиды",-деп үміт білдірді.

 

Тегтер