Иран Алжирмен сауда- саттықты жеңілдетуді мақсат етуде
Иран ислам республикасының сауданы дамыту ұйымының төрағасы ислам республикасының Алжирмен сауда- саттықты жеңілдетуді мақсат етіп отырғанын қуаттады.
Иранның сауданы дамыту ұйымының төрағасы Валиолла Афхамирад Теһранда Иран мен Алжир кәсіпкерлерінің бірлескен отырысында Иран мен Алжирдың әріптестігі мен күн санап өсіп келе жатқан байланыстарының екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейту жолындағы кедергілерді ығыстыруына және банк істері, виза мен тасымалға қатысты мәселелердің жеңілдетілуіне үміт білдірді.
Иранның сауданы дамыту ұйымының төрағасы Африка құрлығы, соның ішінде Алжирдың әрдайым Иранның экономикалық байланыс пен сыртқы сауданы кеңейту бағдарламаларының басында болғанын және Иран саясаткерлерінің әрдайым Африка құрлығы елдерімен қарым- қатынасты кеңейту негіздері мен жолдарын іздестіргенін атап айтты.
Иранның сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының төрағасы Мохсен Джалалпур Иран мен Алжирдің сауда отырысында сөйлеген сөзінде: «Иран мен Алжир Таяу Шығыс аймағы мен Африканың экономикалық байланыстарының туын ұстаушы бола алады.
Иранның аймақтық стратегиялық орыны тұрақты және қауіпсіз ел ретінде Африка үшін Орталық Азия мен Таяу Шығыс өңірі елдерімен байланыс көпірі болып есептеледі» деді.