Ақп 10, 2024 17:17 Asia/Almaty
  • Имран Ханға жақын тәуелсіз кандидаттар Ұлттық кеңестегі (парламент) көп орынға ие болды

Өткен аптаның бейсенбі күні өткен сайлауда Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханға жақын тәуелсіз кандидаттар Ұлттық кеңестегі (парламент) көп орынға ие болды.

 

CNN телеарнасының хабарлауынша, Пәкістанның сайлау комиссиясы тәуелсіз кандидаттар 98 орынға ие болғанын және 22 орынның жағдайы әлі белгісіз екенін хабарлады.

Тәуелсіз кандидаттардың көпшілігі Ханның партиясы, Пәкістан Техрик-е-Инсаф (PTI) партиясының мүшесі.

Басқа жақтан «ВВС» арнасы да түрмеде жатқан Пәкістанның бұрынғы премьер-министрінің сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеп, жақтастарынан осы жеңісті тойлауды сұрағанын хабарлады. Алайда Пәкістанның тағы бір бұрынғы премьер-министрі Наваз Шариф те өз партиясын сайлауда ең көп жеңген партия екенін айтып, басқа партиялардан онымен коалиция құруды сұрады.

 

 

Тегтер