Ақп 13, 2024 17:04 Asia/Almaty
  • Имам Хұсейннің (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

Бүгін (сейсенбі), 2024 жылдың 13 ақпаны, хижраның 1445 жылы шағбан айының үшінші күні,  Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хұсейннің (ғ.с.) туған күні.


 

 

 

Шағбан айының 3-ші күні Кербалада ерлігі және құрбандығымен әлемге азаттық пен ар-намыс сабағын берген Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хұсейннің (ғ.с.) туған күні. Имам Хұсейн (ғ.с.) Құран Кәрім мен аяулы Исламды қорғаудың үлгісіне айналған ұлы тұлға.

Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы хазірет Имам Хомейни (р.а.) имам Хұсейннің (ғ.с.) туған күнін "Қорғаушы күні" деп атады, осылайша әлем шиіттерінің үшінші имамының қадір-қасиеті, еркіндігі мен көрегендігі  оның шиіттерінің, әсіресе Ислам революциясы сақшыларының өмірі мен жолының үлгісі болып қала бермек.

 

Тегтер