Ақп 15, 2024 18:49 Asia/Almaty
  • Раиси: Еуразия елдерімен экономикалық келісімді орындау өзара қарым-қатынасты кеңейтуге септігін тигізеді

Иран Президенті Ресей федерациясына қарасты Татарстан республикасының Президентімен кездесті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні Рустем Миннихановпен кездесуінде Иран мен Ресейдің, әсіресе Татарстан республикасының сауда, экономика, өнеркәсіп, ғылым, туризм мен іргелі ғылымға негізделген салалардағы әлеуеттеріне тоқталып, Еуразия аймағындағы елдермен экономикалық келісімді орындаудың өзара қарым-қатынасты одан ары кеңейтуге қолайлы жағдай жасайтынын айтты.

Иран Президенті Татарстан республикасының Ресей мен ислам әлемі арасындағы стратегиялық қарым-қатынасты басқарудағы рөліне тоқталып, исламның тағылымдарын таратып, Ресей мен ислам әлемі арасындағы байланыс деңгейін одан ары жоғарылату үшін дінаралық ынтымақтастықтың әлеуеттерін пайдалану керегін айтып: "ИИР Ресей федерациясына қарасты барлық республикалар, соның ішінде Татарстанмен экономикалық қарым-қатынасты кеңейуге толық дайын",-деді.

Рустем Минниханов та осы кездесуде Раисидің аймақтық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударғанына алғыс айтып, Теһранға сапарының егжей-тегжейін баяндап, Татарстан республикасы мен Ресей федерациясының басқа республикаларында ирандық өнімдердің көрмелерін өткізуге ұсыныс жасады.

Тегтер