Ақп 16, 2024 15:52 Asia/Almaty
  • Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Бішкекте Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасарымен кездесті

Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі Қырғызстанда осы кеңес басшысы орынбасарының Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысымен кездескенін хабарлады.

Ресейдің Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі осы кеңес басшысының орынбасары Николай Патрушевтің Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Акбар Ахмадианмен кездескенін хабарлады.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ахмадиан мен Патрушев осы кездесуде Батыс Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесі  және Орта Азияға қатысты тақырыптарды талқылады.

Ресей Қауіпсіздік кеңесінің айтуынша, тараптар РФ мен ИИР-дың стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, екіжақты қызықтыратын тақырыптар, соның ішінде екі елдің қауіпсіздігіне төнген қатерлерге қарсы тұру және түйткілдерді шешу мәселесін талқылады.

Мұнымен қоса, екі ел басшылары деңгейінде қабылданған келісімдердің орындалуына күш салу керегі айтылды.

Бұл кездесу аймақ елдерінің қауіпсіздік кеңестері басшыларының Ауғанстанға қатысты көпжақты жиналысы аясында өтті.

Тегтер