Maм 17, 2016 15:00 Asia/Almaty
  • Зариф пен Де Мистура Венада кеңесті

ИИР Сыртқы істер министрі Венада БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілімен кездесіп, сұхбаттасты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияға қатысты отырысқа қатысу үшін Венаға аттанған ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Венада БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен кездесіп, сұхбаттасты.

Осы кездесу барысында Сириядағы жуырдағы өзгерістер, осы елдің әртүрлі өңірлеріне гуманитарлық көмек жіберу саласында атқарылған шаралар, сондай-ақ, бүгін, сейсенбі күні өтетін «Сирияны қолдау» халықаралық байланыс тобының отырысын ұйымдастыру жайында кеңесулер өтті.

ИИР Сыртқы істер министрі бұдан бұрын Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Могерини және Аустралияның Сыртқы істер министрі Джули Бишоппен кездескен болатын.

Осы жағдайда ИИР Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке Венаға келіп жеткенде журналистерге берген сұхбатта: «Сирияны қолдау тобының отырысы атысты тоқтату бітімін толық сақтау қажеттігін баса айтуға мұрсат береді»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф лаңкестік топтардың Сирия, Таяу Шығыс пен әлемдік қауымдастыққа қауіп төндіріп отырғанына тоқталып: «Бұл лаңкестік топтармен күресу қажет. Оларға атысты тоқтату бітімін пайдаланып, Сирия халқына қарсы лаңкестік әрекеттерді күшейтуге жол бермеу керек»,-деп қуаттады.

Тегтер