Иран Африка одағы басшыларының мәлімдемесін кесімді түрде қолдайды
(last modified Mon, 19 Feb 2024 09:16:18 GMT )
Ақп 19, 2024 15:16 Asia/Almaty
  • Иран Африка одағы басшыларының мәлімдемесін кесімді түрде қолдайды

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Теһран үкіметінің Африка одағы басшыларының Палестина халқына қарсы қылмыстарды тоқтату туралы мәлімдемесін кесімді түрде қолдайтынын мәлімдеді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Аддис-Абебада өткен Африка одағына мүше елдер басшыларының 37-ші саммитының Палестина халқына қарсы қылмыстарды тоқтату туралы мәлімдемесін кесімді түрде қолдайтынын айтып: "ИИР Африка одағы мен халқының Палестинаға қатысты гуманитарлық құндылықтарды сақтау арманына беріктігін көрсететін мәлімдеменің баптарын кесімді түрде қолдап, осындай принципті позицияны жалғастырып, табандылық таныту соғысқұмар сионистер мен олардың демеушілеріне қысым жасап, майданды тарылтып, Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауына қарсы соғыстарды тоқтатып, Палестина халқының азабын азайтуға көмектеседі. ",-деді.

Африка одағына мүше елдер басшылары жексенбі күні Эфиопияның астанасында өткен 37-ші саммиттың қорытынды мәлімдемесінде Израиль режимінің Газа секторындағы 2 млн-нан аса палестиналыққа қарсы қылмыстарын қатаң айыптап, қоршауды жойып, атысты тұрақты түрде тоқтату бітімін қабылдауды талап етті.  

Тегтер