Халықаралық валюта қоры: Иранның экономикасы өсіп, мұнай өндірісі артты
Халықаралық валюта қоры Иран экономикасының өсіп, мұнай өндірісінің артқанын хабарлады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық валюта қоры әлем елдері экономикасының макрокөрсеткіштері туралы кезеңдік есептерінде: "Иран экономикасы бұрынғы болжамдарға қарағанда айтарлықтай өсті",-деп хабарлады.
Халықаралық валюта қорының жаңа есептеулері бойынша, 2023 жылы Иран экономикасы 5,4 пайызға өсті. Бұған дейін 3 пайызға өседі деп болжанған болатын.
Халықаралық валюта қоры сондай-ақ 2024 жылы Иранның экономикалық өсіміне қатысты болжамын өзгертіп, 3,7 пайыз болады деп мәлімдеді.
Бұдан бұрын 2024 жылы Иранның экономикалық өсімі 2,5 пайыз болады деп болжанған еді.
Халықаралық валюта қорының мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылы Иранда мұнай өндірісі күніне 2,7 млн баррельден асып түсті. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы көлемнен 700 мың баррельге артық.