Антониу Гутерриш Украина соғысының екінші жылының соңында тараптарды бітімге шақырды
(last modified Mon, 26 Feb 2024 16:11:38 GMT )
Ақп 26, 2024 22:11 Asia/Almaty
  • Антониу Гутерриш Украина соғысының екінші жылының соңында тараптарды бітімге шақырды

БҰҰ Бас хатшысы бейбіт инфрақұрылымдарға шабуылдарды тоқтату керегін айтып: "Қазір Ресей мен Украина үшін БҰҰ жарғысы, халықаралық заңдар мен БҰҰ Бас ассамблеясының қарарларына негізделген әділ бітім жасайтын кез келді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Антониу Гутерриш жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Ресей-Украина соғысының екінші жылының аяқталуына қатысты отырысында: "БҰҰ жарғысы мен халықаралық заңдар бізге соғыстан ада әлем құруға жетекші болады. Бұған қарамастан, Ресейдің Украинаға жан-жақты басқыншылығы осы екі заңды ашық түрде бұзу болып отыр",-деді.

Гутерриш: "БҰҰ жарғысының алтыншы тарауында қайшылықтарды шешу механизмдері айқындалған. Олар мыналар: келіссөздер өткізу, тергеу жүргізу, араағайындық жасау, келісім жасау, арбитраждық сот арқылы шешу, аймақтық агенттіктер немесе ұйымдарға жүгіну",-деді.

БҰҰ Бас хатшысының Украина соғысын тоқтатып, бейбітшілік орнату керегі туралы ұстанымы бұл соғыстың Еуропа құрлығында гуманитарлық, саяси-экономикалық және әлеуметтік салаларға теріс салдары болғандықтан айтылып отыр.

Осы соғыста екі жақтан 500 мыңнан аса адам қаза тауып, Украинаның шығысы мен орталық бөлігінде көптеген инфрақұрылымдық нысандар қирады.  

Есептеулер бойынша, Украинаны қайта қалпына келтіру үшін 10 жыл бойына 500 млрд доллар қаражат керек.