Ақп 29, 2024 19:55 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей Решт-Астара теміржол желісін салуды жылдамдату керегін айтты

Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мехрдад Базрпаш пен Ресей Президентінің арнайы көмекшісі Игорь Левитин Решт-Астара теміржол желісін салуды жылдамдату керегін айтты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мехрдад Базрпаш сәрсенбі күні Теһранда Ресей Президентінің арнайы көмекшісі Игорь Левитинмен кездесіп, сөйлесті.

Бұл кездесуде тауар транзитін дамыту және Решт-Астара теміржол желісін салуды жылдамдату мәселелері қарастырылды.

Екі ел басшыларының қатысуымен өткен отырыста Решт-Астара теміржол желісінің 164 шақырымын салуды тездету, Иран арқылы тауар транзиттеу көлемін арттыру, "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізін толықтыру, екі ел арасында тасымалды жылдамдату үшін бюрократияны жою мәселелері талқыланды. Тараптар өзара тасымалды нығайтуға келісті.

Иран мен Ресей екіжақты экономикалық және әскери-қауіпсіздік қарым-қатынасын нығайтуға, аймақтық және халықаралық мәселелер, соның ішінде АҚШ-тың біржақтылығымен күресуге қатысты ортақ стратегиялық мүдделерге ие. Бұл соңғы жылдарда қос тарап арасындағы тығыз ынтымақтастықтың басты факторларының бірі болды.  

 

 

Тегтер