АҚШ пен Ұлыбритания Иранның ұйымдары мен жеке тұлғаларына тағы санкция салды
АҚШ Қаржы министрлігі мен Ұлыбритания үкіметі өз мәлімдемелерінде: "Ислам революциясының Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштері қолбасшысының орынбасары мен 5 жаңа ұйымды Иранға қарсы санкциялар тізіміне қостық",-деп жариялады.
Санкция салу – АҚШ бастаған Батыс елдерінің тәуелсіз елдерді оқшауландырып, тізе бүктіру үшін оларға саяси-экономикалық қысым жасау құралдарының бірі.
1979 жылы Ислам революциясы жеңіске жеткелі бері дұшпандар Иран халқына зұлым санкция салып, елдің экономикасына соққы беруді көздеп келеді. Олар ешбір өнеркәсіп саласын санкциядан тыс қалдырмады.
АҚШ пен оның батыс одақтастарының санкцияларына қарамастан ИИР экономика, ғылым мен мәдениет салаларында айтарлықтай жетістіктерге жетті.