Иран Сыртқы істер министрі: Американың Газадағы геноцидті тоқтатуына үміттену – елес
(last modified Wed, 06 Mar 2024 10:51:44 GMT )
Нау 06, 2024 16:51 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Американың Газадағы геноцидті тоқтатуына үміттену – елес

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлері Джиддадағы төтенше мәжілісінің қорытынды мәлімдемесінде Израильдің Газадағы қылмыстарын айыптап, сионистік режимнің осы жердегі басқыншылығын толық әрі сөзсіз тоқтатуды талап етті.

ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан осы отырыста Газадағы геноцидтің алдын алу үшін АҚШ-қа сенім артуды елес деп атап: «Сионистік режимнің бұрын-соңды болмаған қылмыстарының жалғасуы мен тәсілі бұл қылмыстық режимнің  Палестина ұлтын жою саясатын қасақана жүргізіп жатқанын дәлелдейді",- деді.

ИЫҰ елдерінің сыртқы істер министрлері де осы мәлімдемеде Газаға шабуылдарды тоқтату үшін сионистік режимге қысым көрсету үшін халықаралық қауымдастықтың практикалық әрекетін талап етті.

Израиль режимі 2023 жылдың қазан айынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарында 30 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 70 мыңнан астамы жараланған.