Иран АҚШ-тың мұнайын тәркіледі
https://itolqyn.com/news/world-i76324
Иран армиясының теңіз күштері АҚШ-тың 50 млн доллар тұратын мұнайын тәркіледі.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 07, 2024 21:48 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың мұнайын тәркіледі

Иран армиясының теңіз күштері АҚШ-тың 50 млн доллар тұратын мұнайын тәркіледі.

Теһранның халықаралық құқықтық соты (55-бөлімше) Парсы шығанағында АҚШ-тың мұнайын тәркілеуге бұйрық берді. Соған сәйкес АҚШ-тың бір танкеріндегі мұнай тәркіленді.

Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың санкциялары салдарынан бір швециялық компания Ирандағы науқас адамдарға қажет дәрі-дәрмектерді сата алмай, науқастарға ауыр психикалық және физикалық зиян тигізді. Сондықтан көбелек ауруымен ауыратындар (ЕВ) Теһранның халықаралық құқықтық сотына (55-бөлімше) АҚШ-тың үстінен шағым түсірді.

Адвокаттың талпынысы арқасында Теһранның халықаралық құқықтық соты (55-бөлімше) Парсы шығанағында АҚШ-тың мұнайын тәркілеуге бұйрық берді. Соған сәйкес, ADVANTAGE SWEET танкеріндегі мұнай тәркіленді.

Көбелек ауруы – сирек кездесетін генетикалық ауру. Бұған шалдыққан балалардың терісі өте нәзік болады. Тері күлдіреп, үшінші дәрежелі күйік сияқты түрлі жаралар шығады.