Швецияның жоғары сотында Хамид Нуриге өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды
Нау 07, 2024 22:02 Asia/Almaty
Швецияның жоғары соты сәрсенбі күні Хамид Нуриге қатысты істе аппеляциялық шағымды қабылдамай, өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімінің шығарылғанын растады.
Иран азаматы Хамид Нури 2019 жылы 9 қарашада Швецияға кірген сәтте осы елдің қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталды.
Швеция прокуратурасы Хамид Нуриді 34 жыл бұрын Иранда болған оқиғаға қатысы бар деп айыптады. Оған қарсы шағым түсіргендердің көбі – "Мұнафықтар" лаңкестік тобының мүшелері.
Швецияның аппеляциялық соты 2023 жылы 19 желтоқсанда Хамид Нури ісіне қатысты қорытынды дауыс беріп, оны өмір бойы бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Тегтер