АҚШ-тың Нигерде әскер орналастыруы заңсыз деп жарияланды
Нау 17, 2024 18:56 Asia/Almaty
Нигердің жаңа үкіметі Вашингтон мен Ниамей арасында қол қойылған АҚШ әскерін Нигер жерінде орналастыру туралы келісімнің күшін жойды.
Нигер әскери кеңесінің баспасөз өкілі: "АҚШ әскерінің Нигер жерінде болуы бұдан былай заңсыз әрі елдің ұлттық мүддесіне қайшы саналады",-деп мәлімдеді.
Әскерилер 7 ай бұрын Нигердің батысшыл Президенті Мұхаммед Базумды биліктен кетіріп, Франция күштерін елден шығарды.
Нигердің жаңа үкіметі Мали және Буркина-Фасодағы әскери үкіметтермен бірге Еуропа мен АҚШ-тың Африкадағы ықпалының әлсіреуіне себеп болды.
Тегтер