Зимбабвенің Әйел істері жөніндегі министрі: Ирандық әйелдердің жетістіктеріне қуандым
(last modified Mon, 18 Mar 2024 13:58:34 GMT )
Нау 18, 2024 19:58 Asia/Almaty
  • Зимбабвенің Әйел істері жөніндегі министрі: Ирандық әйелдердің жетістіктеріне қуандым

Зимбабвенің Әйел істері жөніндегі министрі: "Ирандық әйелдердің жетістіктеріне қуандым. Иран үкіметінің әйелдердің қарым-қабілетін арттыру үшін атқарған іс-шараларына таңдай қақтым",-деді.

Зимбабвенің Әйел және әлеуметтік істер жөніндегі министрі БҰҰ-ның Нью-Йорктегі резиденциясында ИИР Президентінің әйел және жанұя істері жөніндегі орынбасары Аниса Хазалимен кездесуінде Иранға сапарын еске алып: "Иран үкіметінің Зимбабведегі ұлттық күресті қолдауы екі ел қарым-қатынасының іргетасын нығайтты",-деді.

Иран университеттерінде қыздар көп

Зимбабвенің Әйел және әлеуметтік істер жөніндегі министрі: "Батыс елдерінің Иран мен Зимбабвеге қарсы салған әділетсіз әрі біржақты экономикалық санкциялары әйелдер мен қыздарға қысым жасалуына әкеліп соқтырды",-деді.

Аниса Хазали осы кездесуде: "Екі елдің отаршылдыққа қарсы шығып, тәуелсіздікті талап етуі өзара қарым-қатынастың тереңдей түсуіне себеп болды",-деді.

Қос тарап Газадағы әйелдердің жағдайын аянышты деп атап, Газаның жазықсыз халқына қарсы қылмыстарды доғаруды талап етті.