Газада енді ешбір бала қалыпты өлшемде дүниеге келмейді
БҰҰ палестиналық аналар мен нәрестелердің жағдайына алаңдаушылық білдіріп: "Дәрігерлер енді Газа секторында қалыпты өлшемдегі нәресте көрмейді",-деді.
БҰҰ-ның демография қорының жауапты басшысы Доминик Ален Газаға барып келгеннен кейін бір баспасөз отырысында: "Газадағы антигуманистік жағдай палестиналық аналар үшін қорқынышты түске айналды. Олар кішкентай әрі науқас нәрестелерді дүние әкеліп жатыр",-деді.
Доминик Ален қиратылған Газа секторында күніне 180 әйел аштық пен су тапшылығын көре отырып, босанатынын айтып: "Аяғы ауыр әйелдер дұрыс тамақтанбағандықтан және басқа да мүмкіндіктер болмағандықтан нәрестелер өлі туады немесе өмірлерінің алғашқы минуттарында жан тапсырады",-деді.
БҰҰ-ның демография қорының жауапты басшысы сондай-ақ сионистік режимнің осы қор жіберген гуманитарлық көмек жүктерін Газа секторына өткізберуін айыптап: "Газада көргенім – гуманитарлық дағдарыстан әлдеқайда үлкен апат. Бұл – адамгершілік дағдарысы",-деді.
Израиль режимі 2023 жылдың қазанынан бері Батыс елдерінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз халқын ауқымды түрде қырып-жойып жатыр.
Сионистік режимнің Газа секторына шабуылдарынан осы күнге дейін 31 мың Палестиналық қаза тауып, 72 мыңнан аса адам жараланды.
Израиль режимінің іргетасы 1917 жылы Ұлыбританияның жобалауымен түрлі елдердегі еврейлерді Палестина жеріне көшіріп, қоныстандырумен қаланды. 1948 жылы Израиль мемлекеті жарияланды. Сол кезден бастап палестиналықтарды жаппай қыру және олардың жерлерін тартып алу жобалары орындалып келеді.