TikTok-пен соғыс: АҚШ Израильдің шынайы болмысына қатысты хабардарлықтың артқанынан қорқып отыр
АҚШ-тың түрлі қалаларында Палестинаны қолдаған шерулер көбейгеннен кейін 25 республикашыл сенатор хат жариялап, TikTok-та ХАМАС-ты қолдаған видеожазбалар толқынын тоқтатуды сұрады.
АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы өткен аптада осы елде 170 млн қолданушысы бар TikTok қосымшасына тыйым салатын заң жобасын қабылдады. Бұл заң жобасы АҚШ-тың Сенат палатасында расталып, АҚШ Президенті тарапынан қол қойылуы тиіс.
TikTok-ты басқаратын "Байт Денс" қытайлық компаниясына АҚШ-тан активтерін алып кетуге 6 ай уақыт беріледі.
Осы заң жобасын қолдайтын республикашылар TikTok-тың қытайдікі екенін, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретінін үнемі айтып келген, бірақ The Washington Post газеті жазғандай, Палестинаны қолдайтын видеожазбалардың көптеп таралуы Вашингтондағы Израильдің демеушілерінің бұл қосымшаны жарнамалық аппарат деп танып, өз бақылауына алуға шешім қабылдауына себеп болды. Израильдің ең ірі демеушісі саналатын АҚШ үкіметі қазіргі Газа соғысында америкалық жастарды осы соғысқа қатысты Ақ үй мен Тель-Авив ұсынған версияны қабылдауға көндіре алмады. Осы тұрғыдан Ақ үй мен Тель-Авив версиялар соғысында жеңіліс тапты деп айтуға болады.
АҚШ-тың бұрынғы медиа басшыларының бірі әрі инвестор Джефф Морис Израильдің версиялар соғысында жеңіліс тапқанын және TikTok-тың АҚШ-тағы Z буынға әсерін айтып: "Америкалық жастардың көбі TikTok қолданады. Израиль Газада соғыс бастағалы бері Standwithpalestine хештегіне тіркелген видеолар 2,9 млрд-тан аса қаралым жинады. Ал Израильді жақтаушылар хештегі шамамен 200 млн рет қаралған",-деді.
TikTok-тың деректері бойынша, freepalestine хештегі Газа соғысы басталғаннан бері 2 ай ішінде тек АҚШ-та 770 млн рет қаралған. Осы мәселе АҚШ-та Израильді жақтайтын топтар мен лоббилерге америкалық жастардың Ақ үйдің Газа соғысына қатысты саясатынан теріс айналуына TikTok кінәлі деп санауына себеп болды.
The Washington Post жазуынша, TikTok қосымшасы – АҚШ үкіметінің (оның жанында Израильдің) Газа соғысына қатысты версиялар соғысында жеңіліс табуының басты факторы.