Сәу 04, 2024 18:33 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрлігі әлемнің барлық азаттық сүюшілері мен ақиқат талап етушілерін жұма күні шеруге шығуға шақырды

ИИР СІМ Дүниежүзілік Құдс күні (1403 жылы 17 фарвардин, сәйкесінше 2024 жыл 5 сәуір) қарсаңында әлемнің азаттық сүюшілері мен ақиқат талап етушілерін, мұсылман халықтар мен үкіметтердің барлығын аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын бұзып отырған Израиль деген обыр ісіне қарсы күресу үшін және Палестина халқына шынайы қолдау білдіру үшін жұма күні шеруге шығуға шақырды.

ИИР СІМ мәлімдемесінде былай делінген: "Ислам революциясының ұлы жетекшісі әрі ИИР-дың негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р.) бастамасымен Рамазан айының соңғы жұма күні "Дүниежүзілік Құдс күні" деп аталған. Бүгінде Палестина арманы, яғни Құдсты азат ету мақсаты әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды адамгершілік, азаттық пен әділеттік жолында діні мен нәсіліне қарамай біріктіретін символға айналды. Сионистік режимнің Палестина халқына жасаған қылмыстары, қырып-жоюы, басқыншылықтары мен Газаны қоршауына қарсылық білдіру үшін пайдаланып отырған құралға айналды",-деді.

Image Caption

 

Рамазан айының соңғы жұма күні хазірет имам Хомейнидің (р.) бастамасымен "Дүниежүзілік Құдс күні" деп аталған. Бұл күні әлемнің барша мұсылмандары сионистік режимнің нәсілшіл саясаты мен жауластық әрекеттеріне өз жиреніштерін білдіреді.

Бұл мәлімдемеде Батыс елдері мен АҚШ-тың қатынасына тоқталып былай делінген: "Әрине осы үлкен қылмыстың қара дағы сионистік режимді демеушілердің, соның ішінде  АҚШ пен Батыс елдерінің маңдайында мәңгі қалады. Олар бұл зұлымдықтың алдын алуға тырыспағаны былай тұрсын, соғыс басталған күннен бастап басып алынған Палестина жеріне барып, қару-жарақтар жіберу арқылы сионистік режимге жан-жақты қолдау көрсетті. Бұл адамзат тарихының жадынан ешқашан өшпейді",-деді.  

Тегтер