Азаптаулар мен басып-жаншу шараларына қарамастан Ұлыбритания Бахрейнге қару сатып отыр
(last modified Sun, 14 Feb 2016 16:35:51 GMT )
Ақп 14, 2016 22:35 Asia/Almaty
  • Азаптаулар мен басып-жаншу шараларына қарамастан Ұлыбритания Бахрейнге қару сатып отыр

Ұлыбританияда шығатын «The Independent» газеті осы елдің құны 45 миллион фунт тұратын қарау- жарақты Бахрейнге экспорттағанын жазды.

«The Independent» газеті өз мәліметінде осындай көлемдегі қарудың 2011 жылы Бахрейнде халықтық қозғалыс басталған кезден бастап осы елге сатылғанын, Бахрейн билеушілері елдің халқын азаптау мен демократияны сүйгіш партияларды басып жаншу-шараларын жалғастырып жатқан жағдайда Ұлыбританияның осы елге қару саудасын жалғастырып отырғанын хабарлады.