Иранның Израильге қарсы зымырандық және дрондық операциясының ерекшеліктері
(last modified Sun, 14 Apr 2024 14:50:17 GMT )
Сәу 14, 2024 20:50 Asia/Almaty

Иранның "Шын уәде" әскери операциясы толық қанды соғыс ретінде жоспарланбаса да, барлық әскери-техникалық күш-қуат қатыстырылмаса да, Иранның зымырандық күш-қуаты мен дәлдігін тағы көрсетті.

Израильдің Сириядағы Иран елшілігінің бас консулдығына шабуылына жауап ретінде Иран жасаған "Шын уәде" әскери операциясының кейбір ерекшеліктері мынадай:

1. Иранның Израильге қарсы "Шын уәде" әскери операциясына "Йа, Расулолла" ұранын таңдаудың маңызды жолдауы бар: ИИР кеше кешке әлемнің түкпір-түкпіріндегі ислам үмбетінің атынан сионистік режимді нысанаға алды.  

2. Сионистердің қызыл сызығына қарамастан, Иран өз жерінен олардың күткенінен де кеңірек шабуылдар жасады.

3. "Шын уәде" әскери операциясында Иран мен қарсыласу күштері ең агрессивті әскери операциясын бастан өткізді. Ал Израиль мен оның басты одақтасы АҚШ-ты қорғануға мәжбүр етті. Кеше кешке олар тек азырақ зымыран түсіп, азырақ зардап шегуге тырысқаннан басқа ештеңе істей алмады.

4. "Шын уәде" әскери операциясы Иранның әскери-стратегиялық есептеулері дұрыс екенін көрсетті. ИИР Батыс Азия аймағындағы көптеген елдерді дұшпанға қарсы майданға біріктіріп, әскери операцияға кіргізе алады.    

5. Иранның "Шын уәде" әскери операциясы толық қанды соғыс ретінде жоспарланбаса да, барлық әскери-техникалық күш-қуат қатыстырылмаса да, Иранның зымырандық күш-қуаты мен дәлдігін тағы көрсетті.  Иран тек әскери объектілерге шабуыл жасады. Көп зымыран атылғанымен нысанаға тиюде қателік кетпеді. Мұнымен қоса, Израиль ирандық зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарға төтеп беруге әскери-технологиялық қуатының жетпейтінін көрсетті.

6. "Шын уәде" әскери операциясында қолданылған зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтардың түрлері мен саны, ұшырылған жерлері, нысанаға алынған объектілер, дұшпанның адам және материалдық шығыны, Иранның барлау көлемі жайлы айтылмаған ақпараттар көп. Бірақ бастапқы қорытынды мынадай: Иран өз зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарымен әлемдегі ең ірі операцияны жүзеге асырды.

7. "Шын уәде" әскери операциясы АҚШ-тың аймақтағы ең озық одақтасы ретінде Израильдің әскери күші мен технологиясына қатысты түрлі жалған уәждерді әшкереледі.

Осындай уәждердің бірі мынау еді: Дұшпан электронды соғыс қалыбында дамыған технологиялардың көмегімен Иран шабуыл жасағанға дейін оның зымырандары мен зымаранатқыштарын істен шығара алады. Кейінгі жылдары осыған ұқсас айтылған уәждерді де санамалап шығуға болады.

8.  Батыс Азия аймағы "Шын уәде" әскери операциясына дейін және кейін деп екіге бөлінеді. Иран көптеген стратегиялық есептеулерді бұзды. Бұдан да маңыздысы: Иран бұдан былай жаңа есептеулер негізінде әрекет етеді. Теңгерім өзгере бастады. Қарсы тарапта мұны қабылдаудан басқа амал жоқ.