Иранның Израиль аумағына шабуылы туралы қандай мәліметтер белгілі
(last modified Mon, 15 Apr 2024 10:45:55 GMT )
Сәу 15, 2024 16:45 Asia/Almaty
  • Иранның Израиль аумағына шабуылы туралы қандай мәліметтер белгілі

Сенбі күні кешке Иран өз аумағынан Израильге қарай соққы жасауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандардың үлкен толқынын ұшырды, бұл Ислам Республикасының еврей мемлекетіне алғаш рет тікелей шабуыл жасауы.

Иранның Израильге шабуылы

Израиль қорғаныс армиясының ресми өкілі (ЦАХАЛ) контр-адмирал Даниэль Хагари алғаш рет сағат 23:00-де шабуыл басталғанын растады. Кейінірек ол Иранның Израильге зымырандар атқанын, ал Иран тарапынан шабуылға тойтарыс беретін израильдік жауынгерлердің қаптап кеткенін айтты.

Сиреналар Израильдің оңтүстігіндегі қауымдастықтарда таңғы 1:42 шамасында естіліп, кейін елдің басқа бөліктеріне тарады. Қағып түсірілген ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандардың қатты дыбыстары елдің солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Иерусалим мен Батыс Шерияның солтүстігіндегі көптеген қалаларда естілді, деп хабарлайды TheTimes of Israel.

Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильдегі нақты нысандарға қарсы ондаған ұшқышсыз ұшу аппараттары пен зымырандардың ұшырылғанын растады.

«Сионистік режимнің әртүрлі қылмыстарына, соның ішінде Иранның Дамаскідегі консулдық бөліміне жасалған шабуылға және Сириядағы еліміздің бірқатар командирлері мен әскери кеңесшілерінің өліміне жауап ретінде Ислам революциясының Сақшылар корпусы (ИРСК) аэроғарыштық күштері басып алынған территориялардағы белгілі бір нысандарды ондаған зымырандар және дрондармен атқылап, оқ жаудырды, - деп хабарлайды IRNA агенттігі.

 

inform.kz -тен аллынған.