Батыс неге Израильді қолдап отыр?
(last modified Thu, 18 Apr 2024 16:27:10 GMT )
Сәу 18, 2024 22:27 Asia/Almaty
  • Батыс неге Израильді қолдап отыр?

Батыс елдерінің сионистік режимді қолдауының басты себептерінің бірі – Батыс Азиядағы басып алынған Палестинаның географиялық жағдайы. Бұл аймақ стратегиялық тұрғыдан өте маңызды әрі сезімтал.

Сионистік режимнің Газада қылмыс жасап жатқанына алты айдан асты. АҚШ және Батыс елдерінің қолдауымен сионистік режимнің күштері Газа мен басқа да жерлерде қылмыстарын жалғастырып жатыр.

Тарих көрсеткендей, сионистік режим Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін 1948 жылы заңсыз негізде құрылғаннан бері Батыс елдері, әсіресе АҚШ-тың қолдауына ие болып отыр. Қолдау жылдар бойы жалғасып келеді. Мұның түрлі себептері бар.

"АҚШ-тың халықаралық даму бағдарламасы" кеңсесінің мәлімдеуінше, АҚШ-тың Израильге көмек көлемі 1946 жылдан 2023 жылға дейін инфляцияны қоса есептегенде 260 млрд доллар деп есептелді.

Трамп үкіметі 2021 жылғы (қазан айының басына дейін) бюджеттен сионистік режимге 3,3 млрд долларға әскери көмек беру туралы (сыртқа әскери-қаржылай көмектің 59 пайызы) өтініш жасады. Яғни Израиль АҚШ-тан басқа елдердің бәрін қосқаннан көп қаржылай көмек алды.

Сондай-ақ, АҚШ Барак Обаманың кезінде 10 жылдық үшінші меморандумға қол қойды. Соған сәйкес Вашингтон 2019 жылдан 2028 жылға дейін Израильге 38 млрд долларға әскери көмек беруге міндеттеме алды.

CRS-тің мәлімдеуінше, АҚШ Конгресі 2023 қаржылық жыл үшін сионистік режимге "басқа қорғаныс және одан тыс бағдарламалар" үшін бөлінген 98,58 млн доллармен қоса, 3,8 млрд доллар бөлуді сұрады. АҚШ 2022 жылы Израильге 4,8 млрд доллар көлемінде көмектесті. Вашингтон, сондай-ақ, дамыған әскери технологиясының көп бөлігін, соның ішінде F-35 қырғи ұшақтарының бірқатарын Израильге берді.

Мохсен Резаи

Қасиетті Қорғаныс кезіндегі Сақшылар корпусының қолбасшысы Мохсен Резаи бірнеше күн бұрын үстемшіл жүйенің Израильді қолдаудағы мақсаттарын түсіндірді.

Мохсен Резаи Батыстың бірінші мақсатын зұлымдықпен күресіп, жапа шеккендерді қолдайтын басты идеология ретіндегі исламға қарсы күресу деп атап, бұл саладағы Батыстың "балға мен шеге" саясатын қолданатынын айтты. Мұнда балға – Израиль. Ал шеге – Батыс Азияда Батыс елдеріне тәуелді мемлекеттер. Отаршыл Батыс елдері осы екеуі арқылы аймақтағы ислам халықтарының қарсыласуын жойғысы келеді. Сондықтан басты мақсат – исламға қарсы күресу.

Мохсен Резаидың айтуынша, Батыстың екінші мақсаты – Батыс өнеркәсібінің өміршең элементі ретінде мұнай көздерін басып алу. Батыстықтардың саясаты – Батыс Азияда Израильді орналастыру арқылы бұл аймақты әрдайым қабынған тынышсыз қалыпта сақтау. Осылайша аймақ елдерінің дамуы мен индустриялануына кедергі болғысы келеді. Олар аймақ мұнайын өз мүддесіне пайдалану үшін аймақ елдерін тынышсыз қалыпта сақтап тұруы керек. Өйткені Батыс Азия елдері индустрияланса, бұл аймақтан мұнай экспортталмайды. Барлық мұнайды Батыс Азия елдерінің өздері тұтынады. Мысалы, егер мұнай экспорттаушы ел ретіндегі Иранның өндірістік циклі толық орындалса, 1 млн баррель мұнай импорттауы тиіс болады.

Батыс елдерінің сионистік режимді қолдаудан көздейтін үшінші мақсаты –   Батыс Азиядағы басып алынған Палестинаның географиялық жағдайын пайдаланып, Батыстың Шығысқа кіру көпірін сақтау. Батыс алпауыттары аймақтағы ірі елдердің өздерінің Шығысқа кіруіне кедергі келтіруін қаламайды. Бұл аймақ Қытай мен Ресейді бақылауда ұстау үшін Шығыспен байланыс және оған ықпал ету көпірінің рөлін атқарады. Израиль Батыс елдері үшін аймақта бір әскери-экономикалық база ретінде батыстықтардың мүдделерін қамтамасыз ете алады.

Роберт Ф. Кеннеди Джуниордың сөздері

Осы сараптаманың растауы ретінде АҚШ-та 2024 жылғы президенттік сайлауға үміткер Роберт Ф. Кеннеди Джуниордың сөздерін келтіруге болады. Ол бір видеода АҚШ пен Батыс елдерінің Израильді қолдауының мақсаттарын ашық айтқан болатын.

Кеннеди: "Израиль – біз үшін бір қорған. Батыс Азияда бір ұшақ таситын кемең болған секілді. Израиль – біздің ең көне одақтасымыз. Егер Израиль жойылса, Ресей, Қытай мен BRICS-тің басқа елдері әлемдегі мұнайдың 90 пайызын бақылауға алады. Бұл – АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін орасан зор апат",-деді.  

Image Caption

 

Роберт Ф. Кеннеди Джуниор

Кеннедидің бұл сөздері үстемшіл жүйенің Израильді қолдауының мақсаттарын көрсетеді.

Қазір дамуға қарсы фактор саналатын сионистік режим батыстықтардың мұнай мүддесін қамтамасыз етуде көпір және өткел ретінде маңызды рөл ойнай алады.  

Жалпы ірі тарихи елдердің күш-қуат алуына жол бермеу, Батыс Азияның географиялық жағдайы, табиғи ресурстары және стратегиялық маңызын Батыс елдерінің Израильді қолдауының басты себептері деп айтуға болады. АҚШ пен Батыс елдерінің кейбірі еврейлерді қорғау үшін емес, жоғары аталған себептерден Израильді қолдайтынын білгеніңіз жөн.