Maм 02, 2024 19:57 Asia/Almaty
  • Иран Газадағы геноцидке қатысы бар америкалық және британдық 15 жеке тұлға мен 10 компанияға санкция салды

ИИР Батыс Азия аймағында лаңкестік әрекеттерге қарсы күресу мақсатында бірнеше америкалық және британдық жеке тұлға мен компанияға санкция салды.

ИИР СІМ-нің мәлімдемесіне сәйкес, бұл санкциялар Ислам Кеңесінің Мәжілісі тарапынан "АҚШ-тың аймақтағы авантюристік және лаңкестік әрекеттер жасауы және адам құқығын бұзуына қарсы күрес" туралы заңды, соның ішінде оның 4 және 5 статьясын және "Сионистік режимнің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы жауластық әрекеттерімен күресу" туралы заңды орындау аясында бекітілді.

Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісі төмендегі америкалық жеке тұлғалар мен компанияларға санкция салды:

  1. The Lockheed Martin Corporation компаниясы Газа соғысы барысында Израиль режимін әскери құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін санкцияға ілікті.
  2. General Dynamics Corporation компаниясы Газа соғысы барысында Израиль режимін 155 мм-лік оқ-дәрімен қамтамасыз еткені үшін санкцияға ілікті.
  3. Skydio компаниясы Газа соғысы барысында Израиль режимін дрондармен қамтамасыз еткені үшін санкцияға ілікті.
  4. Chevron Corporation компаниясы Жерорта теңізінің шығысында орналасқан кеніштерден газ өндіруде Израильмен әріптесіп, сионистік режим содан түсетін табысты Газа соғысында қолданғаны үшін санкцияға ілікті.
  5. Kharon Company-на АҚШ Қаржы министрлігіне ХАМАС-қа қарсы санкция салуға ықпал еткені үшін, ақша жылыстатады деген сылтаумен ХАМАС пен исламдық джиһад қозғалысының криптовалютаны тасымалдау желісіне қолжетімдігін тоқтатуға тырысқаны үшін санкция салынды.

Санкцияға іліккен америкалық жеке тұлғалар:

  1. Джейсон Гринблатт (Jason Greenblatt) – АҚШ-тың бұрынығы басшысы Дональд Трамптың аға кеңесшісі. Оған ХАМАС-ты жоюды, осы топты Палестинадағы реформалық шараларға араластырмауды қолдағаны үшін санкция салынды.
  2. Майкл Рубин (Michael Rubin) – "Американ Интерпрайз" институтының зерттеушісі. Оған ХАМАС-қа шабуылды жалғастырып, Газа секторында оны толық жоюды қолдағаны үшін санкция салынды.
  3. Джейсон Бродски (Jason Brodsky) – Иранның ядролық бағдарламасына қарсы бірігу тобының атқарушы директоры. Оған Палестинаға қарсы идеяларды жобалағаны, "Әл-Ақса дауылы" операциясында Иран туралы жалған ақпараттар таратқаны үшін санкция салынды.
  4. Клиффорд Мэй (Clifford D. May) – Демократияны қолдау қорының басшысы. Оған Газа соғысында адам құқығына қарсы іс-әрекеттерді қолдағаны үшін санкция салынды.
  5. Генерал Брайян Фентон – АҚШ армиясының арнайы операциялық күштерінің қолбасшысы. Оған сионистік режимге ақпараттық және қауіпсіздік саласында көмектескені үшін санкция салынды.
  6. Брэд Купер (Brad Cooper) – АҚШ армиясы теңіз күштерінің бесінші флотының қолбасшысы. Оған Газа соғысы барысында адам құқығына қарсы әрекеттерді қолдағаны үшін санкция салынды.
  7. Грегори Хейс (Gregory J. Hayes) – RTX қару-жарақ компаниясының атқарушы директоры. Оған Газа соғысы барысында адам құқығына қарсы әрекеттерді қолдағаны үшін санкция салынды.

Иран СІМ төмендегі британдық жеке тұлғалар мен компанияларға сионистік режимнің қылмыстары, соның ішінде аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы лаңкестік әрекеттер жасағаны, адам құқығын жүйелі түрде бұзғаны, соғысқұмарлығы, бейбіт тұрғындарға қарсы ауыр және тыйым салынған қаруларды пайдаланғаны, Газа секторын қоршап алғаны, Палестина халқын босытып жібергені, заңсыз сионистік қалашықтар салғаны және Палестина жерін басып алуды жалғастырып жатқанын қолдағаны үшін санкция салды.

Компаниялар:

  1. Кипрдегі Британ патшалығы акваториясында орналасқан әуе базасы
  2. Қызыл теңіздегі Ұлыбритания теңіз күштеріне қарасты "Даймонд" кемесі
  3. Ұлыбританияның "Албит Систем" компаниясы
  4. Ұлыбританияның "Мегит Паркер" компаниясы
  5. Ұлыбританияның "Рафаэль" компаниясы

Жеке тұлғалар:

  1. Грант Шаппс – Ұлыбритания Қорғаныс министрі;
  2. Джеймс Хакенхал – Ұлыбритания армиясының стратегиялық басқарма басшысы;
  3. Шэрон Несмит – Ұлыбритания Қарулы күштері бас штабы басшысының орынбасары;
  4. Пауль Раймонд Грифц – Ұлыбритания Қарулы күштері бас штабы басшысының көмекшісі;
  5.  Эдриан Берд – Ұлыбритания Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мағлұматтары бөлімінің директоры;
  1. Ричард Кэмп – Қызыл теңіздегі Ұлыбритания теңіз күштеріне қарасты "Ричмонд" кемесінің капитаны;
  2. Саймон Кларк – Кипрдегі Британ патшалығы акваториясындағы әуе базасының қолбасшысы;
  3. Питер Эйванс – Қызыл теңіздегі Ұлыбритания теңіз күштеріне қарасты "Даймонд" кемесінің капитаны.

Осы қаулыға сәйкес ИИР-дың барлық органдары аталмыш санкцияларды орындау үшін тиісті шаралар атқаратын болады. Санкциялық режимді бұзатын болса, заңды түрде жауапқа тартылады.  

Тегтер